Сайрам тарихы тың деректермен толығып, жүйелі түрде жазылмақ

Сайрам тарихы тың деректермен толығып, жүйелі түрде жазылмақ

ашық дереккөзі

 width= Сайрам тарихы тың деректермен толығып, жүйелі түрде жазылмақ, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сайрам туралы деректерде Сайрамның аты он түрлі аталады. Соның бірі «Кəрі Сайрам», - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлы.
Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен профессор Жамбыл Артыкбаев, белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы және өлкетанушы Өмір Шыныбекұлы Сайрам ауданына келді. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ансар Жаңабайұлы қадірлі қонақтарды қабылдап, зиялы қауым өкілдерімен сұқбаттасты.
- «Кəрі Сайрам» дегенде қандай мағына тұр?», «Мариям ана» деген қай ана, əлгі Исус Христостың анасы ма əлде басқа Мəриям ба?» осындай сұрақтарға жауап бергім келеді. Өз еңбектерімде Сайрам тарихы туралы кеңірек жазғым келеді. Ол үшін сіздердің тараптарыңыздан да қызығушылық болса» деген ойын айтты тарихшы Жамбыл Артықбаев.
Еуразия ұлттық университетінен келген ұстаздар ұлттық құндылықтар, елдік жайын әңгімеледі.
- Бокс өтсе де, көкпар өтсе де «Рухани жаңғыру» бойынша деп науқаншылап жібереміз. Ұлтына шын жаны ашитын адамға «Рухани жаңғыру» бағдарламасында біраз дүние бар. «Нені жоғалттық?», «Нені таба алмай жүрміз?» деп айналамызды түгендеп алуға толық мүмкіндігіміз болды, - деді өз сөзінде Дәулеткерей Кәпұлы.
Халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданының тыныс-тіршілігін әңгімелеген зиялы қауымның басқосуында өлкетанушы Өмір Шыныбекұлы өңірдегі бәсекелестіктің көптігін алға тартты. - Оқуға түсу де, жұмысқа орналасу да жемқорлықпен астасып жатады. Ал еліміздің солтүстігінде кадр тапшы, жұмыс істеймін деген адамға барлық жағдай жасалады. Тіпті, солтүстікте қызметте қаламын деген жастарды да «Серпін» бағдарламамен оқытып жатыр. Тек қысқы суығынан қорқатыны бар. Ал осы оңтүстіктен жер ауыстырып барғандардың бірқатары дертінен айығып жатқанын естіп отырмыз, - деді ол. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы мәнді кездесу бұдан кейін Сайрам ауданының белсенді жастарымен Қарабұлақ ауылында жалғасын тапты.

Жүктелуде...