Kaspi.kz-тегі ақау туралы маман пікірі: Қолданушылар не істемеу керек?

Kaspi.kz-тегі ақау туралы маман пікірі: Қолданушылар не істемеу керек?

ашық дереккөзі

 width= Kaspi.kz-те ақау шыққан жағдайда не істеу керектігі белгілі болды. Бұл туралы киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолин "Хабар 24" телеарнасына айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Халықаралық антивирус компаниясының басқарушы директорының айтуынша, ең алдымен мұндай жағдайларда банк бағдарламасына немесе сайтқа қайта-қайта кіре берудің қажеті жоқ, бұл мамандарға ақауды реттеуге кедергі келтіреді. Сарапшы шабуыл жасалғаны және картадағы ақшаның жоғалып кеткені туралы хабарламаларды таратпауға да кеңес берді. Мұндай сәтте адамдарда үрей туып, интернет-алаяқтар бұл жағдайды пайдаланып кетуі мүмкін. Питолин Kaspi.kz-тегідей болған жағдайда қолданушылар сабыр сақтап, мамандарға жағдайды реттеуге уақыт беру керегін айтады. Оның пікірінше, мұндай техникалық ақау кез келген қаржы саласында болуы мүмкін. https://youtu.be/1DK9YqWGrXo

Жүктелуде...