Гаухар Әлімбековаға қатысты сот ісі тағы да кейінге шегерілді

04 Сәуір, 2019 590 0

NewsROOM+. Бүгін әнші Гаухар Әлімбековаға қатысты сот отырысы өтті. Екі айға созылған сот ісі тағы да кейінге шегерілді.

Әлімбекова мен экс-құрбысы Назарова арасында болып жатқан іске қатысты сот 10 сәуір күні жалғасын табатын болады.

Соңғы рет екінші сәуір күні болған отырыс жәбірленуші Бақыт Назарованың 40 мың долларды Әлімбекованың қолына бергенін дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болуына байланысты кейінге қалдырылды.

Бүгін сот орындаушысы тараптардың апелляцияға берген шағымдарын тыңдады. Жәбірленуші Бақыт Назарова әншінің жазасын жеңілдетуге қарсы екенін білдірді. Алайда, танымал әншінің тағдырына алаңдаған тыңдармандары сот шешімін тағы бір апта күтуге мәжбүр. Келесі сот отырысы 10 сәуірге жоспарланды.

Дереккөз: hola news

newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: ГаухарӘлімбекова, әнші, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.