weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Наразылық танытқан жұрт Боратты табытқа салды

Наразылық танытқан жұрт Боратты табытқа салды

Наразылық танытқан жұрт Боратты табытқа салды
ашық дереккөзі
 width= Наразылық шарасын "Адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету" қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Америкадағы қазақтан қорланбасын", "Елтаңба, ту, мемлекеттік рәміздер біздің меншігіміз", "Нәсілшілдікті тоқтатыңыз", - деп наразалық білдірді жиналған топ.
Олар Бораттың суретін табытқа салып, үстіне АҚШ туын қойып жерледі. Егер Бораттың "қазақты қорламадым" деген сөзі рас болса, онда фильмді жойсын, дейді наразалық білдіргендер.  width=
"Борат" екі елдің арасына от салып, қазақтың намысына тиді. Біз қарапайым халықпыз. Кино түсіретін болса, қазақтың қонақжайлылығын, кең байтақ даласын көрсетсін", - десті жиналғандар.
Наразылық білдірушілер петицияға қол қойып, оны АҚШ-тың Алматыдағы елшілігіне тапсырмақ болды.