"Ешкі" деп Димашқа айтпаған екен

04 Сәуір, 2019 551 0

NewsROOM+. Кеше БАҚ-тан Бірінші арнаның операторы Димашты ешкі деп атады деген әңгіме тарады. Димаш пен Игорь Крутой түскен трансляция кезінде оператордың бірі "Мына ешкі оған түсіп тұр" деген сөз естілді. Мұны естігендер ешкі сөзін басқа мағынада қолданды", - дейді Facebook-тегі The World Club фан-клубы. 

Клуб мүшелерінің айтуынша, мұнда біреу біреуді ренжітетіндей сөз айтқан емес.

"Әрбір мамандықтағы секілді операторардың да кәсіби сөздері бар. "Ешкі" сөзі тативтің жұмыстық атауы. Бұл камера жалғанған штатив. "Мына ешкі оған түсіп тұр" деген сөз олардың жұмыс тілімен айтқанда "камера штативінің көлеңкесі әртіске түсіп тұр" деген мағынада. Яғни, жарық дұрыс түспеген. Сол себепті кадрда артық көлеңке пайда болған. Бұл дегеніміз желідегідей айтылған әңгіе емес", - дейді клуб өкілдері. 

Димашқа қатысты жағымсыз әңгіме тараған соң әншнің жанкүйерлері арна операторынан түсініктеме талап еткен еді. 


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: димашқұдайберген, әнші, ресей

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.