Моңғолиядағы қандасымыз әлем чемпионы атанды

Моңғолиядағы қандасымыз әлем чемпионы атанды

ашық дереккөзі

 width= Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген қандасымыз Абылайхан Бахытнасыр бес жылдан бері жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысып келе жатыр. Таяуда ол AVC ұйымдастырған әлем чемпионатында бірінші орын иеленіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. ⠀ Абылайхан туралы қысқаша айтып өтер болсақ, жасы 20-да, бүгінде ол - 64, 50, 42, 21 шақырым қашықтыққа жүгіретін кәсіби спортшы. Баян-Өлгий аймағының ұзақ қашықтықта жүгіруден алғашқы спортшысы. Әкесі ауруханада күзетші, ал анасы Кабира - аспаз. Өзі бала кезінен жүгіруге қатты қызығып өскен. Абылайхан бұған дейін де түрлі жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған.

"RunBanladesh халықаралық жарыстың чемпионы, BOPHELONG Virtual race чемпионы, KARGIL халықаралық жарыстың чемпионы атандым және 53 елінен 783 спортшы қатысқан Chicago mini marathon 4.2km халықаралық жарыста 5-орынға қол жеткіздім", - дейді Абылайхан.
⠀Биыл қыркүйек айында Абылайхан AVC World Championships-ке қатысып, бірінші орын иеленіп, әлем чемпионы атанды.  width=
"Жарысты АҚШ ұйымдастырды. Бұл жолы әлемнің 50 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс онлайн өткізілді. Оны бақылаушылар арнайы бағдарлама арқылы бақылап отырды. Яғни әр қатысушы GPS тағып қатысты. Мен 5 шақырымды 16 минут 5 секундта жүгіріп өттім. Қарсыластарымнан екі минут бұрын келдім. Бұл ең жоғарғы көрсеткіш болды. Халықаралық жарыстың екі дүркін чемпионы атандым", - дейді Абылайхан. ⠀
"Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атану - бала кезімнен бергі арманым болатын. Арманыма қол жеткізу мақсатында жаттығып жүргеніме бес жыл болды", - дейді ол.  width= ⠀ Абылайхан пандемия аяқталып, шекара ашылғаннан кейін Қазақстанға келу жоспарда барын айтады.
"Бұйырса шекара ашылғаннан кейін жарыстар болса келу жоспарда бар. Мені қолдаушылар да жоқ емес", - дейді Абылайхан.
 width=

Жүктелуде...