11 қараша. Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

04 Сәуір, 2019 641 0

NewsROOM+. Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде тағы бір атаулы мереке пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесі хабарлайды.

2001 жылдың 13 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңының 4-бабына сәйкес үкіметтің қаулысымен жаңа мейрамның күні белгіленген.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілсін. Мерекелік күндердің тізбесі 42-1-тармақпен толықтырылсын:

"42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша", - делінген хабарламада.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: 11қараша, Энергияүнемдеукүн

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.