Жанар Айжанова екінші күйеуі жайлы: Мен дегенде ішкен асын жерге қояды

04 Сәуір, 2019 841 0

NewsROOM+. Бұл туралы Айжанова Аман Тасығанның Talk Like жобасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Айжанова екінші рет тұрмыс құрмас бұрын оң-солын саралап, әбден таразыға салғанын жасырмайды. Айтуына қарағанда, аузы бір рет күйген әйел екінші мәрте тек махаббатпен күйеуге шыға салмайды. "Махаббатпен тұрмысқа шықтыңыз ба әлде арқа сүйетін азамат керек болғандықтан ба?" деген сауалға әнші:

"Бұның дәл жауабын мен сияқты азаматынан ерте айырылған, жесірліктің, баласы жетімдіктің ащы дәмін татқан, өмірден қиыншылықты көрген адамдар ғана айта алады. Әрине, керек емес деп жүре беруіме болар еді. Бірақ бойдақ әйелдің есігін кім қақпайды? Барған жеріңде қисық күйеулерін қызғанып, аузы қисайып отырады. На зло шығып алдым. Азаматым жаман емес, мен соқыр емеспін. Өзіме жар болатын, қызыма әке болатын адам. 

Қазір төрт құбыламыз тең. Ортамызда қызымыз, әп-әдемі өмір сүріп жатырмыз. Құдай көз жасымды көрді, азаматты берді", - деп ағынан жарылды Айжанова. 

Әншінің сөзіне сенсек, қазіргі күйеуі Ерболат ол дегенде ішкен асын жерге қояды. Тіпті: - Оның көзқарасы бойынша менен ақылды, менен әдемі әйел жоқ, - деп сеніммен айтты Айжанова.

Жанар Айжанова екінші күйеуі жайлы: Мен дегенде ішкен асын жерге қояды"Айжұлдыздың бір ғана әкесі болды. Ол - Ерболат. Ол басқа ештеңені білгісі де, көргісі де келмейді. Маған айтпаған сырын соған айтады, таңдаған сол ғой басында. Ақылды ер азамат баланы жағалап, соған қамқор болып, азамат екенін дәлелдейді. Әйел адам балаға қалай қарайды деп қорқақтап, көп қазақтың әйелдері содан қалып қояды. Ақылды ер азамат бірінші өзінің әке болатынын көрсетеді. Сонда әйелдің сенімділігі артады, әйел сенеді. Сөйтіп бірінші Айжұлдыз тауып берді", - дейді Айжанова.

Айтуына қарағанда, Айжұлдыз марқұм әкесінің туыстарымен, әжесімен араласып тұрады. Алайда есін білгелі көрген азаматты туған әкесіндей көреді. 

"Біздің үйде күйеуім қайтыс болды, Айжұлдыздың әкесі жоқ деген әңгіме жоқ. Сырт көз бізге қайта-қайта айтады. Менің бір-ақ күйеуім бар, қызымның бір ғана әкесі бар. Өткенге несіне қарай береміз? Өткенге қарасақ, менің өлуім керек еді", - дейді Айжанова ағынан жарылып.

newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

 

 


Тегтер: жанарайжанова, жұлдыздарөмірі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.