«СК Фармацияның» жыры: қорда коронавирусқа арналған 12 дәрі жетіспейді

«СК Фармацияның» жыры: қорда коронавирусқа арналған 12 дәрі жетіспейді

ашық дереккөзі

 width= "СҚ-Фармацияда" тағы да қиындықтар туындады. Қоймада коронавирусқа қарсы 12 түрлі дәрі-дәрмек жетіспейтіні мәлім болды,- деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Мирас Шәкеновтың айтуынша, 26 қазанда "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында елордалық антикор қызметі мен бірқатар қауымдастықтармен бірігіп, "СҚ-Фармация" ЖШС қоймасында сақтаулы тұрған дәрі-дәрмек қорына тексеріс жүргізілген. Қазіргі таңда 8 миллиардтан асатын қаражатқа дәрінің 44 түрін сатып алу жұмыстары қарқынды жүріп жатқандыңын алға тартты. Бұл сауда саттық жұмысы бір ай ішінде 60 мың науқасты емеуге көмектеседі екен.

"Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 дәрі түрі жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің келісімшарты мүлде табылмады. "СҚ-Фармация" өкілі Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек", - деді Шекенов.
 

Жүктелуде...