
«Барлық жерде мәйіттер. Шалынып құлауға болады. Бастарынан аттап өтуге тура келеді», - дейді видео авторы.Аталмыш видео Ресей арналарында көрсетіліп, халық арасында үлкен дау туғызды. Аймақ басшылығы видеоның рас екенін мойындап, көз жұмған жандардың ресми статистикаға қосылғандығын айтты. Осыған ұқсас оқиға Барнаулдың №12 ауруханасында қайталанған. Ауруханадағы үйіліп жатқан мәйіттердің суреті ғаламторға тарап кеткен. ВВС Ресей аймақтарындағы мәйітханаларда орын жетіспеуі бұған дейін де болғанын атап өтті. Томск жергілікті басылымдары шілде айында мүрде сақтайтын орын жоқтығы жайлы жазған болатын. Қазіргі уақытта Ресейде вирустың өсу динамикасы қарқынды. 28-қазанда Ресейде 16202 адам жұқтырып, 346 жан көз жұмған. https://youtu.be/qlIi7ztYq2E
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ