WhatsApp-тағы хабарламаны бір күннен кейін де жоюға болатыны белгілі болды

WhatsApp-тағы хабарламаны бір күннен кейін де жоюға болатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

 width= WhatsApp мессенджерінің функциясы жіберілген хабарламаны жою үшін 68 минутты ғана қамтамасыз ететіні барлығымызға мәлім. Алайда мұны көрсетілген уақыт өткеннен кейін де өшіруге  болады. Бұл үшін ұялы телефоныңыздағы реттеу функциясына кіріп, күн мен уақытты өзгерту керек. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Біріншіден, сіз құрылғы жаңа хабарламаларды қабылдай алмайтындай етіп смартфоныңызға ұшақ режимін орнатуыңыз керек. Содан кейін хабарлама жіберілген уақытқа жақын күн мен уақытты белгілеуіңіз керек (айырмашылық белгіленген 68 минуттан аспауы керек). Хабарламаны өшіру құқығына ие боласыз», - дейді сарапшы Павел Мясоедов.
Риа Новости сайтының хабарлауынша, жойылған хатты оқудың екі әдісі бар. Біріншісі - бөгде қосымшаларды пайдалану. Бірақ сіздің барлық хат-хабарларыңыз шабуылдаушылардың қармағына түсуі мүмкін. Екінші әдіс - синхрондау функциясын пайдалану. Бірақ ол тек Android жүйесінде бар. Егерде сіз хабарламаңызды тек өз чатыңызда ғана өшіру батырмасын бассаңыз, өкінішке қарай ешқандай көмек көрсетілмейді.

Жүктелуде...