77 жастағы әжей көпқабатты үйде көмір жағып, немересі уланып қайтыс болды
77 жастағы әжей көпқабатты үйде көмір жағып, немересі уланып қайтыс болды

"Түнде қайтыс болды. Пеш жағып, пештің түбіне көрпе салып, ұйықтап қалдық. Тұрсам, немерем қасымда... Содан мен тұрып, немеремнің қасына құладым. Иіс тиді. Далаға шықтым, көршілер келді. Сосын қызыма хабарластым. Қызым келді".Шағын аудандағы 300-ге жуық пәтер иесі ел аузында «буржуйка» деп атанған пешті қолданады екен. Осы жазда жергілікті билік тұрғындарға «көмір алмаңдар, жылу өткіземіз» деп қуантыпты. Тіпті, 500 адам мекен ететін шағын ауданға құбыр тартқан. Алайда кейіннен шенеуніктер жылу жүйесін пәтерге дейін жеткізу үшін қаржы сұрапты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 20 жылдан бері жылусыз отыру мәселесін, міне, мына құбырлар шешуі керек еді. Жазда жергілікті коммуналдық компания мына құбырларды салған. Бірақ белгісіз себептермен 3 ай өткенде жап-жаңа құбырларды бір жаққа алып бара жатыр. 8 мың тұрғыны бар кентте ауыз су жоқ, үйлердің де тозығы жеткеен. Балалар ойнайтын алаң ол салынбаған. Дегенмен, әкімі бұл мәселенің барлығын болмаса да, біршамасын шешемін дейді.
"Болады. Сөз беремін".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкері:
Біз Аршалы ауданының әкіміне де бас сұқтық. Бірақ ол іссапармен елордаға кетіп қалыпты. Айтпақшы оның орынбасары мен тағы бөлім басшысы "жер телімі мәселесін оң шешіп беру үшін 800 мың теңге пара алды" деген күдікпен қолға түскенін анықтадық. Олар қазір Көкшетаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бірақ жергілікті халық бұдан бізге келіп-кетер пайда жоқ, дейді.