Орта мектепті 100 жасқа келгенде бітірген қария табылды
Орта мектепті 100 жасқа келгенде бітірген қария табылды

«Мен бұл сәтті ешқашан күткен емеспін. Өте күшті сезім, қуаныштымын», - деп өз бақытты сәтін осылай жеткізді аттестат иесі 100 жастағы Монтелла.Заң бойынша, 1938 жылы орта мектепті бітіру керек болған. Омен, отбасы қиындығына байланысыт, ата-анасына көмектесу мақсатында жұмыс істеп, кейін соғысқа аттанған.
"Ел үшін соғысып, біз үшін қызмет еткен нағыз азамат. Отбасын асырау үшін, Отан алдындағы борышын өтеу үшін, болашақ үшін көп еңбек етті. Есесіне ештеңе сұрамады. Нағыз батыр! Ал біз осындай кішкентай сый жасағымыз келді",-деді Линнен.Ұзақ жылдан кейін диплом табыстау салтанатты жиынға Монтелланың туған туыстары, балалары, немерелері, шөберелері қатысты. Бәрі бақытты.
«Менің атам басқалар үшін өзін құрбан етті. Біздің отбасымызға көмектесу үшін мектебін тастады, бірақ қазір ол 100 жаста - біз өте қуаныштымыз», - дейді түлектің немересі Мишель.