Орта мектепті 100 жасқа келгенде бітірген қария табылды

Орта мектепті 100 жасқа келгенде бітірген қария табылды

ашық дереккөзі

 width= 100 жасқа толғалы отырған американдық Альберт Монтелла қуанышқа орай орта мектеп туралы аттестатына енді дегенде қол жеткізді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Fixygen.ua шетелдік басылымның хабарлауынша, оған құжатты Пенсильвания мектеп округінің басшысы Элеонора ДиМарино-Линнен «Sunrise of Granite Run» қарттар үйінде тапсырылды.

«Мен бұл сәтті ешқашан күткен емеспін. Өте күшті сезім, қуаныштымын», - деп өз бақытты сәтін осылай жеткізді аттестат иесі 100 жастағы Монтелла.
Заң бойынша, 1938 жылы орта мектепті бітіру керек болған. Омен, отбасы қиындығына байланысыт, ата-анасына көмектесу мақсатында жұмыс істеп, кейін соғысқа аттанған.
"Ел үшін соғысып, біз үшін қызмет еткен нағыз азамат. Отбасын асырау үшін, Отан алдындағы борышын өтеу үшін, болашақ үшін көп еңбек етті. Есесіне ештеңе сұрамады. Нағыз батыр! Ал біз осындай кішкентай сый жасағымыз келді",-деді Линнен.
Ұзақ жылдан кейін диплом табыстау салтанатты жиынға Монтелланың туған туыстары, балалары, немерелері, шөберелері қатысты. Бәрі бақытты.
«Менің атам басқалар үшін өзін құрбан етті. Біздің отбасымызға көмектесу үшін мектебін тастады, бірақ қазір ол 100 жаста - біз өте қуаныштымыз», - дейді түлектің немересі Мишель.

Жүктелуде...