Елімізде алғаш рет «музыка ойнайтын жол» пайда болды

Елімізде алғаш рет «музыка ойнайтын жол» пайда болды

ашық дереккөзі

 width= «Нұр-Сұлтан—Шортанды» автомобиль жолында музыкалық шу тудыратын жолақтар пайда болды. Дәл осы технология елімізде алғаш рет қолданылып отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жолдар Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі негізінде жасалды. «Музыкалық жолдар» жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді. Эксперименттің нәтижесі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ. Шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу себебінен болатын жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің жинақталуына көмектеседі.

Жүктелуде...