«Індет әкелуде»: Қытайлық жұмысшылар Атырауға келіп жатыр

«Індет әкелуде»: Қытайлық жұмысшылар Атырауға келіп жатыр

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде Қытай азаматтарының Қарабатандағы зауытқа келген кезде түсірілген видео кеңінен таралып жатыр. Осы видео туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіров түсіндіріп берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. Облыстың бас еңбек инспекторының айтуынша, 22 қазанда CNCEC компаниясының қытайлық 124 маманы Нұр-Сұлтаннан чартерлік рейспен Атырауға интеграцияланған газ-химия кешенінің І кезеңі жобасында жұмыс істеу мақсатында келген. Сол күні кешке келген қытайлық жұмысшылар CNCEC вахталық қалашығына қоныстанған. Дәл осы сәтті қазақстандық қызметкерлер видеоға түсіріп алған, кадрда жағымсыз пікірлер айтқан.

«Бұл факт бойынша CNCEC филиалы мен "KPI" ЖШС-нің күзет қызметкерлері (жобаның тапсырыс берушісі) видеоны түсірген адамдармен түсіндірме әңгіме жүргізді, оның барысында видеоның ешқандай арам ойсыз түсірілгені мәлім болды», - дейді ол.
Еңбек инспекциясы басқармасы қытайлықтар Қазақстанға іскерлік (жұмыс) визасы бойынша келгенін және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу бойынша санатқа жатпайтынын атап өтті. https://youtu.be/DLE0MclrLfc

Жүктелуде...