ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ

ЕАЭО мен Қытай доллардан бас тартпақ

ашық дереккөзі

 width= Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай доллардан бас тартқысы келеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі finance.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ақпарат жайлы "Еуразиялық экономикалық одақ және "Бір белдеу, бір жол" қытайлық бастаманың түйісуі" атты форумда айтылды. ЕАЭО және Қытай арасында есептесу кезінде доллар және еуроны пайдалану бизнеспен қоса, сол елдердің бюджетіне шығын келтіреді. Солардан құтылу үшін, сондай-ақ халықаралық санкцияларға тәуелді болмау үшін ЕАЭО және Қытай не ұлттық валютада, не жеке үстіңгі ұлттық валютада есеп айырысу керек.

"Өзіміз бағасын қоймайтын құнмен сауда жасайтынымыз компанияларға көп шығын келтіреді. Сондай-ақ біздің экономикамызды офшорлаудан да аз шығын болмайды", - деді ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Сергей Глазьев.
Қытай халық университеті Макроэкономикалық зерттеу департаментінің директоры Лю Юй Шудің пікірінше, транзакцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін және қауіптерді жоюдың ең тиімді жолы - цифрлық ұлттық валютада есеп айырысу. Алайда бұл мәселе әлі күнге дейін талқыланып жатыр.

Жүктелуде...