Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

03 Сәуір, 2019 1254 0

NewsROOM+. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен келді.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады.

Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

Тегтер: қазақстан, ресей, президент, тоқаев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.