Екеуі де ауыр халде жатқан: Алматыда коронавирус көз жұмған науқастар жайлы айтылды

Екеуі де ауыр халде жатқан: Алматыда коронавирус көз жұмған науқастар жайлы айтылды

ашық дереккөзі

Алматыда коронавирустан көз жұмған науқастар туралы деректер айтылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Дүниеден өткен бұл екі адам да денсаулықтары аса ауыр халде болыпты. Оның біреуі - 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды. Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған. Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында коронавирустан екі адам көз жұмғаны айтылған еді.

Жүктелуде...