weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Арменияның экс-премьері: Пашинян үкіметі кетуі тиіс

Арменияның экс-премьері: Пашинян үкіметі кетуі тиіс

Арменияның экс-премьері: Пашинян үкіметі кетуі тиіс
ашық дереккөзі
 width= Қарабақтағы жағдайға байланысты Арменияның бірінші премьер-министрі, кейіннен қорғаныс министрі қызметін атқарған Вазген Манукян үкімет өз еркімен жұмысын тоқтатып, билікті әскерилерге беруі керектігін айтты.
"Жағдайды өзгертуге бола ма? Болады, бірақ қазіргі үкіметпен емес. Қазіргі үкімет билікті әскерилерге табыстап, өз еркімен кетуі тиіс", - деді ол "Вернатун" саяси клубында сөйлеген сөзінде.
Оның ойынша әскер билікті қолына алып, Таулы Қарабақпен бірігіп ортақ қорғаныс жүйесін құрып, тиісті мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөз жүргізуі тиіс.
«Бұл жалғыз ғана жол, әйтпесе барлығын жоғалтуымыз мүмкін ", - дейді экс-премьер.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ