Министрлік шешімі: Екінші тоқсанда қанша оқушы мектепке барып оқиды?
NewsRoom
Министрлік шешімі: Екінші тоқсанда қанша оқушы мектепке барып оқиды?
Елімізде екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 миллион, дәстүрлі форматта – 1,2 миллион бала. Оның ішінде: - 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып);- шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы;- 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.