16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарды

16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарды

ашық дереккөзі

 width= Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қыз үш баланы өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың мәліметіне қарағанда, 27  қазанда сағат 02.12-де БҚО Жәнібек аудандық өрт сөндіру қызметі кезекші-диспетчерлік бөлімінің пультіне Жәнібек ауылы Шарафудинова 5/2 көшесінде жеке тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті.

"Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнынан 1983 жылы туылған  үйдің қожайыны улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Алайда улы газдың уланған үй иесі есін жимастан, ауруханада көз жұмды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңлісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды", - делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жүктелуде...