weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев қазақстандықтарды ойландырып жүрген ұсынысты қолдайтынын айтты

Тоқаев қазақстандықтарды ойландырып жүрген ұсынысты қолдайтынын айтты

Тоқаев қазақстандықтарды ойландырып жүрген ұсынысты қолдайтынын айтты
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Президенттің айтуына қарағанда, қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер бар.
"Мысалы, пәтер балконына немесе үй қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", - деді президент Twitter желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын да айтты.
"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын", - дейді ол.