Адам өлтірді деген күдікке ілінген Марлен Нұрғасеновқа қатысты сот үкімі шықты
Адам өлтірді деген күдікке ілінген Марлен Нұрғасеновқа қатысты сот үкімі шықты

"БІЗДЕ ӘДІЛДІК ЖОҚ! Өйткені қасындағы куәгерлер Марленді танып бірден Марлен ұрды деп жалған ақпарат таратады. Марлен кетіп қалғаны рас, адвокатсыз келгісі келмеді. Аз уақыттан кейін ойлағанымыз шын болады, Марлен ұрды деп қасындағы бажасымен дос баласы түсініктеме береді! Осы “типа” дәлелмен Марленге санкция беріп жібереді! Санкция Марленді күдікті ретінде қамауға алынатын соттын шешімі!"Марлен құзырлы органдардың қолына түскеннен кейін полиция қызметкерлері оған "кінәңді мойында" деп дөрекілік танытқанында жазған.
"Марлен Аллаһтын атымен ант етіп қаза болған жігітке қол ұшы тимегенін айтады. Әрине ант еткені дәлел емес.. “Мойында” дейді іштегілер Марленге!"Қуанышқа орай, қылмысқа қатысты тың ақпарлар шығып Марленнің кінәсіз екендігі толықтай анықталады. Оқиға орнынан түсірілген әуесқой видео пайда болып, оның ішінде күдіктінің ешқандай жазығы жоқ екендігі анық көрсетілген.
"Балконнан бір кісі түсірген видео бар екен. Аллаһ ӘДІЛғой субһанАллаһ. Сол видеода Марленнің марқұмға қол ұшы тимегені, ҰРМАҒАНЫ айдан анық көрініп тұр. Аллаһқа мында бір шүкір бұл видео табылғанына. Видео шыққасын барлық іс 180 градуска өзгереді. Марленге қарсы түсініктеме берген куагерлер кешірім сұрап барлығын өз еркіндерімен өзгертеді".Бұл іс ақшамен шешілді деген қауесетке де Марленнің сүйіктісі Анель нақты жауабын жазды.
"Негізі төбелесті бастаған марқұмнын бажасы,өзі ұрып төбелес бастаған. БАРЛЫҚ ВИДЕО ДӘЛЕЛ ІС ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫН ҚОЛЫНДА. Мені қарғап жүргендер, ақшамен шешілді, өтірік әнгіме таратып жүргендер және істін анық-қанығын біліп алмай жалған ақпарат таратып жүргендер, ЕНДІГІ ШЫН АҚПАРАТ КЕРЕК БОЛСА- Жылыой ауданы, Құлсары қаласынын РОВД-ға барып сұрасаңыздар сіздерге толық видеоны, істің мән-жәйін барлығын көрсетеді".Марқұмның туған туыстарына сабыр тілеп, кешірім сұраған қос ғашық жұрттың көкейінде жүрген барлық сұрақтарға толықтай жауап берді.
"Марқұмнын отбасынан кешірім сұрап сабырлық тілеймін, жатқан жері жайлы болсын".