Саша Барон жауап берді: Актер «Борат» үшін неге Қазақстанды таңдаған?
Саша Барон жауап берді: Актер «Борат» үшін неге Қазақстанды таңдаған?

"Бұл – комедия, фильмдегі Қазақстан мен нақты елдің арасында ешқандай байланыс жоқ. Қазақстанды АҚШ-та ешкім білмейтін болған соң таңдадым. Соның арқасында ерсі, комедиялық, жалған әлемді көрсете алдық. Нағыз Қазақстан – заманауи, абыройлы қоғамы бар, Бораттың нұсқасына қарама-қайшы тамаша ел", – деді Коэн редакцияға электронды пошта арқылы жолдаған хатында.Саша Барон Коэн Қазақстанға туристерді тарту үшін түсірілген жарнамалық видеоға қатысты осындай пікір білдірді. https://youtu.be/eRGXq4t9wY4 Kazakh Tourism ұлттық компаниясы "Very nice!" тіркесі бірнеше рет қайталанатын роликті жариялады. Борат осы сөз тіркесін фильмде айтқан еді. Комедияны позитивті түрде пайдалану идеясын Қазақстанға келген америкалық Деннис Кин жүзеге асырды. Айта кетейік, бұған дейін "Намыс" патриоттық бірлестігі Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығына "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы петиция жіберген болатын. Консулдық Америка Құрама Штаттары үкіметінің бұл фильмді қаржыландыруға, өндіруге немесе шығаруға ешқашан қатыспағанын мәлімдеді. Фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар, алайда наразылық нота жолдаудың мәні жоқ, деген болатын Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өз кезегінде.