Желідегі жалған жүлделер жұрттың қалтасын жымқыруда

Желідегі жалған жүлделер жұрттың қалтасын жымқыруда

ашық дереккөзі

 width= Желіде әлдекімдер жүлделі болғаныңызды жазып, сүйінші сұраса, мұндай жандардан аулақ болыңыз! Өйткені оңай олжаға кенелемін деп, оңбай алдануыңыз мүмкін. Бұл интернет алаяқтарының кезекті айласы. Биылдың өзінде жалған сыйлық үшін жеке ақпаратын ойланбастан жариялаған мыңға жуық отандасымыз арам пиғылды адамдардың арбауына түсіпті. Ішкі Істер министрілігінің мәліметінше,  ағымдағы жылдың тоғыз айында осы сарындағы 8 мың қылмыс тіркелген екен. Соның 1700-і ғана ашылыпты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. ЕРЛАН ОМАРБЕКОВ- ҚР ІІМ КРИМИНАЛЬДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қандай жағдай болмасын бөтен біреуге жеке ақпараттарыңызды жібермеңіздер. Биыл елде интернет алаяқтығы былтырғымен салыстырғанда бірден екі есеге артқан.  Алаяқтар әр түрлі амал-тәсілдерді қолданып  жатыр. Ең көп кездесетіні келесідей түрі.  Сыйлық ұттыңыз деп сізге хабарлама жолдап, соны алу үшін жеке деректеріңізді жіберуді сұрайды. Ал керегін иемденіп алған соң, ары қарай өздері де, сыйлықтары да жоқ.»
 

Жүктелуде...