Праймериздің пайдасы: 9 жыл бойы өлілер санатында жүрген азамат анықталды
Праймериздің пайдасы: 9 жыл бойы өлілер санатында жүрген азамат анықталды

"Праймеризге қатыспасақ, әрине, мен «Nur Otan»-ның қатарында жоқ болар ем. Бірінші таңқалып қалдым да, мен қалай өлім қалғам деп. Ашуланатын жағдай. Негізінен, жыл сайын жарнасын төлеп отырмыз. Жиналысына қатысамыз. Базаны тексермеген ғой. Қарапайым адами қателік қой бұл жерде".Кенжебек Алпысбаев бірден құзырлы органдарға шағымданыпты. Бұл қателікке байланысты арнайы комиссия құрылып, текесеру жүргізілген. Артынша, бәрін бүлдірген мамандар жауапкершілікке тартылып, олқылылық тез арада орнына келтіріліпті. ДИНАРА МҰХАМЕДЖАНОВА АЛАКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
««Nur Otan»- партиясының адамдары келіп, қайтыс болған адамдардың тізімін сұратқан. Сол кезде бұл кісілер мына қайтыс болған акт жазбасын алып кеткен. Бұл қайтыс болу акт жазбасының төбесінде бұл акті жазбасы 2011 жылы 12-шілдеде Әділет басқармасының қорытындысымен жойылды деген белгі тұр. Ол кісілер де сол білмегендіктен, бұл кісіні «Nur Otan» партиясының тізімінен алып тастаған».