Түркістанда өткен зиялы қауым өкілдерінің басқосуында маңызды мәселелер талқыланды
Түркістанда өткен зиялы қауым өкілдерінің басқосуында маңызды мәселелер талқыланды

"Ыстық өлкелерде қашан да кәріз құдықтары пайдаланылған. Кәрізден шыққанда Алаңбұлақ деген бұлақ бар. Алаңбұлақтан Түркістанға дейін оншақты құдықтың ізі жатыр. Су Алаңбұлаққа дейін келіп Түркістанға жерасты жолдарымен жеткен. "Түркістан жаугершілік заманда қалай қорғанды" десек, осы судың арқасында қорғанып отырған. Ауылдың Кәріз атанып кеткені де содан болған. Жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін көлбей қазылған қуыс арна – кәрізге жауапты адамдар да болған. Міне бұл да бір Түркістанның ерекше құпияларының бірі", деді Жамбыл Омарұлы.Сәкен Қалқаманов кездесуде айтылған барлық ұсыныстарды назарға алды. Зиялы қауым өкілдеріне құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ «Алатау медиа-орталығын» аралап, Түркістан төрінде орнатылған хакім Абайдың жаңа ескерткішіне барған зиялылар ұлы ақын мүсінінің ерекшелігіне жоғары бағасын берді.