Еңбегі адал, еті арам: Есектің сүтін "пайдалы" деп сатып жүргендер анықталды
Еңбегі адал, еті арам: Есектің сүтін "пайдалы" деп сатып жүргендер анықталды

Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады ол.Ал, фермадан түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап талай адамда шошытты. Әсіресе, "Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген", деген ақпарат елді дүрліктірді. Ал, бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса тұтынушыларды тіпті үркітті. Қазнетті жарған видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Дені, "Есек сауғандарды тауып жазалау", керек деп отыр. Тараздағы шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр. "Бұл видео басқа елде түсірілген дейді, инспекторлар. Жандар ҚОЕКИЕВ, ҚР АШМ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге гарантия берейін.Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:
Ветеринарлық инспекцияның сөзіне қарағанда бұл бейне жазба басқа елде түсірілу мүмкін. Ал, қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді, Қалай болғанымен мамандар дөп басып, нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр. Яғни, бұл тақырыпқа әлі оралуымыз мүмкін. Ғ.Өтемісов Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз