Еңбегі адал, еті арам: Есектің сүтін "пайдалы" деп сатып жүргендер анықталды

Еңбегі адал, еті арам: Есектің сүтін "пайдалы" деп сатып жүргендер анықталды

ашық дереккөзі

 width= Таразда есек байлап сүтін сатып отырған ферма бар, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап. Әншейінде есекке келгенде, «Еңбегі адал, еті арам» дейтініміз бар. Бірақ мына видео тарағанда, түрлі диван сарапшылары, "Есектің сүті пайдалы", дегенді шығарды. "Қатерлі ісікке шипалы", дейді білгіштер. Алайда, ол нағыз фейк. "Есектің сүті ракты емдемейді, керісінше қоздырады, дейді сарапшылар. Оның сүтінде түрлі зиянды микробтар көп көрінеді. Қуандық ХОНАЙ, САРАПШЫ:

Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады ол.
Ал, фермадан түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап талай адамда шошытты. Әсіресе, "Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген", деген ақпарат елді дүрліктірді. Ал, бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса тұтынушыларды тіпті үркітті. Қазнетті жарған видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Дені, "Есек сауғандарды тауып жазалау", керек деп отыр. Тараздағы шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр. "Бұл видео басқа елде түсірілген дейді, инспекторлар. Жандар ҚОЕКИЕВ, ҚР АШМ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге гарантия берейін.
Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:
Ветеринарлық инспекцияның сөзіне қарағанда бұл бейне жазба басқа елде түсірілу мүмкін. Ал, қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді, Қалай болғанымен мамандар дөп басып, нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр. Яғни, бұл тақырыпқа әлі оралуымыз мүмкін. Ғ.Өтемісов Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз

Жүктелуде...