Келесі жылдан бастап кей дәрігерлер 55 жастан зейнетке шығу мүмкін

03 Сәуір, 2019 439 0

NewsROOM+. Елімізде алдағы уақытта дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы ықтимал. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі заңға өзгеріс енгізбек. Тізімге акушер-гинеколог, неонатологтар пен хирургтар кіреді деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, жұмысы ауыр дәрігердің зейнетке ерте шығу мүмкіндігі болуы керек. Осыған сәйкес, олар заңға өзгерістер енгізуді қарастырып отырғанын алға тартты. Алайда зейнетке ертерек шығу үшін, ақ халаттылардың зейнетақы қорында қаражаты жеткілікті болу керек екенін де жеткізді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, қазіргі уақытта ер азаматтар 9,1 миллион теңгемен 55 жастан, әйелдер 13 миллион теңгемен 51 жастан зейнетке шыға алады.  

"Бұрын кеңес үкіметі кезінде жұмысы ауыр дәрігерлерге осындай мүмкіндік берілген. Зейнетақы қорында ақшасы жеткілікті болса, біз 55 жастан демалысқа шығуды ұсынып отырмыз. Жұмыс өтілі де маңызды. Қанша жыл болуы керегі қазіргі уақытта талқылануда", - деді денсаулық сақтауды дамыту менеджмент орталығының басшысы Салтанат Идрисова.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.



Тегтер: дәрігер, зейнеткешығу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.