Ердоған: Еуропа мұсылмандарды жек көруді қоймаса құриды

Ердоған: Еуропа мұсылмандарды жек көруді қоймаса құриды

ашық дереккөзі

 width= Еуропа өзінің исламофобтық саясаты арқылы құрдымға кетіп барады. Бұл туралы Түркия басшысы Реджеп Ердоған Кайсері қаласында айтты деп хабарлайды Anadolu басылымы. Неміс арнайы жасақтарының Берлин қаласындағы Мевлян мешітінде намаз уақытында өткізген арнайы операциясына қатысты Ердоған: «Еуропа мұсылмандарға қарсы шығу арқылы өзін құрдымға әкетіп барады» деген пікір білдірді. «Еуропа тез арада исламофобиядан құтылмаса, ол ішінен құлап тынады. Германиядағы мешітке жүздеген полицияның намаз уақытында кіріп, рейд жүргізуі ақыл мен қауіпсіздік тұрғысынан да ақтауға келмейді. Оның атауы қарапайым, ол – исламофобия», — деді Ердоған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...