weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оралда ауыл әкімі карантинде ұлына той жасап берген

Оралда ауыл әкімі карантинде ұлына той жасап берген

Оралда ауыл әкімі карантинде ұлына той жасап берген
ашық дереккөзі
 width= Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі мейрамханада баласына той жасап берген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Куәгерлер «Мой город» басылымының редакциясына үйлену тойының видеосын жіберген. Олардың сөзінше, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы үйленген. Ал Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы Татжан Өтемісовтің үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгенін айтады.
«Ыңғайсыз жағдай болды, қазіргі уақытта Татжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы аудан әкімдеріне карантин шараларының сақталуы туралы хабарланды. Арнайы бақылау топтары бар, олар барлық шараны бақылау үшін жұмыс істейді. Демалыстан шыққаннан кейін біз бұл жағдайды заңды түрде қарастырамыз», - деді Ердос Үмітов.