
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирус пандемиясының екінші толқынына байланысты азық-түліктің шекті бағасы енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Егер қатты өсіп кетсе, онда шекті бағаны енгізу қолданылуы мүмкін. Бірақ бұған қажеттілік болмайды деген үміттеміз, өйткені дүрлігуге еш негіз жоқ, азық-түлік қоры бойынша жұмыс жүргізілді», - дейді Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, осы уақыт аралығында мемлекеттік органдармен, бизнеспен үлкен жұмыс атқарылды. Өңірлерде азық-түлік қоры құрылып, желілерге қажетті қаржы бөлінді. Ол мұның бәрі бағаның өсуіне жол бермеуі тиіс деген пікірде.