Дариға Назарбаев Қытай елшісімен кездесу кезінде этникалық қазақтар туралы айтты

02 Сәуір, 2019 686 0

NewsROOM+. Сенат Төрағасы кездесуді аша келіп Қытаймен стратегиялық жан-жақты әріптестік қарым-қатынастың еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Елбасы Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі достық, тату көршілік және өзара түсіністік негізіндегі келісімдерін жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті. Стратегиялық жан-жақты әріптестік қарым-қатынастарын нығайту бағытын ұстанатынымызды нақтылаймыз», - деді Д. Назарбаева.

Сонымен қатар, Сенат спикері Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесін көтеріп, олардың екі ел арасындағы «алтын көпір» екендерін атап өтті.

Қытай елшісі Елбасының 2-ші халықаралық «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығы форумына қатысатыны жайында хабарлады.


«Біз Сіздің парламентаралық байланыстарды дамытуға және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдауға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз», - деді ол.

Елші ҚХР Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшудың Назарбаеваны жаңа қызметімен құттықтауын жеткізді.

Жүздесушілер сауда-экономикалық байланыстарды дамытудағы оң үрдістер мен біздің елдеріміз

арасындағы тауар айналымы көлемінің өсуін атап өтті. Сонымен қоса, инвестиция, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мүмкіндіктері бар екеніне тоқталды.

Сенат басшысы екі ел арасындағы жастар ынтымақтастығын, Қазақстан азаматтары үшін туристік және жеке виза беруді жаңғырту мәселелелеріне де тоқталып өтті.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: сенат, ДариғаНазарбаева, қазақстан, қытай, этникалыққазақтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.