«Әке, тоқташы, түсіп қалайықшы!» Мас жүргізуші отбасымен апатқа түсті (видео)

02 Сәуір, 2019 1101 0

NewsROOM+. 29 наурызда кешкісін Азаттық даңғылының бойымен келе жатқан Toyota Hіace көлігі Балықшыға қарай бұрылатын «Молекула» айналмасында Nissan Maxima көлігімен соғысып, көкөніс павильонына «кіріп кеткен». Бұл туралы Ақ Жайық порталына сілтеме жасап,newsroom.kz хабарлайды.

«Тойота» рөлінде 32 жастағы мас жүргізуші, салон ішінде әйелі мен екі баласы болған. Көлікке соққанға дейін бейнетіркегішке әйелі мен балаларының «Жай жүрші, балаларыңды ойлашы!», «Әке, тоқташы, біз түсіп қалайықшы» деп жалынған дауыстары жазылып қалыпты.

Белгілі болғандай, әйел мен 7 жасар баланы дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберген. Ал 4 жасар қыз ауруханаға жатқызылған.

- Иә, мұндай факт орын алды. Toyota Hіace жүргізушісі мас болған. Қазір біздің қызметкерлер іс жүргізу шешімін қабылдау үшін дәрігерлердің қорытындысын күтіп отыр, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: атырау, полиция, жолапаты

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.