Нағыз Қазақстанды көрсетеміз - әнші Бүркіт "Борат" жайлы фильм түсіруде
Нағыз Қазақстанды көрсетеміз - әнші Бүркіт "Борат" жайлы фильм түсіруде

"Өкінішке қарай, кинотеатрлар әлі ашылған жоқ. Сол себепті көрерменге "Супер агенттер" фильмін көрсете алмаймыз. Алайда біздің команда бір орнында тұрмайды. "Супер агенттер - 2" сериалына кірісеміз", - деп жазды әнші Бүркіт өз инстаграм парақшасында.Әншінің айтуынша, фильмнің басты сюжеті Боратты ұстау барысы.
"Бұл өтірік немесе вайн емес, бұл – нақты жоба. Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар. Біз Боратты ұстағаннан кейін оған нағыз Қазақстанды көрсеткіміз келеді", - деп жазды ол.