"Сәләфит еместігін жазсын": Тазабекке қарсы онлайн петиция жарияланды

"Сәләфит еместігін жазсын": Тазабекке қарсы онлайн петиция жарияланды

ашық дереккөзі

 width= "Тазабектен "Тәлім Trend" керек емес! Ұлттық арнадан көрсетілмесін!" деген халықтың айқайымен желіде онлайн-петиция жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Петиция авторы Айгүл есімді азаматша.

Қауіпсіздік кеңесі назарына! "ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті назарына" Ұлттық қауіпсіздік комитеті назарына! Бұл халықтың ресми шағымы! Сәлафизм идеологиясын ұстанған адам елге қауіпті адам болып есептеледі. Танымдық бағдарламаны діни көзқарасы бойынша сараптамадан өтпеген адамға бермеу керек! Елдің тағдырын алаңдай келе М.Тазабектің Ұлттық арнада жұмыс істеуін, әзірге қауіпті деп санаймын. Діни көзқарасына нақтылық енгізу үшін Мұхамеджан Тазабектің діни көзқарасына ҚМДБ өкілдері Сансызбай Құрбанұлы және Қайрат Жолдыбайұлы сараптамадан өткізсін! Егер ҚМДБ өкілдері М. Тазабекке дәстүрлі ханафи мәзһабымен амал етіп, мәтуриди сенімінде деп сенім білдірсе, біз халық құптаймыз! Сараптамадан өткеннен соң, қорытындысын ел алдына ашық жариялауды сұраймын! М.Тазабек Ұлттық арнада жұмыс істегісі келсе, Ұлттың талабын орындасын! "Мен сәләфит емеспін" деп жазсын! Ал ағайын қоғамның пікірін жоғарыдағылар білсін десеңіздер, бөлісіңіздер!

Жүктелуде...