Тексерістен қорыққан мектеп директоры "ауызбастырыққа" 6 млн теңге берген
Тексерістен қорыққан мектеп директоры "ауызбастырыққа" 6 млн теңге берген

Мен адвокат ретінде Қалиевке қатысты қылмыстық істі қысқартуды талап етемін. Себебі, ешқандай тергеу кезінде де, сот тергеуі кезінде де, сотқа дейінгі тергеу кезінде де оның кәнәлі екені дәлелденген жоқ. Бірде-бір дәлелдеме жоқ. Сондықтан оған қатысты қылмыстық істі қысқарту керек. Ал Мамедова, екінші сотталушы өзінің мойнына алғысы келмей Қалиев ұйымдастырды деп жала жауып отыр оған.Сот тергеуі барысында прокурорлар үш мәрте ауысып, қорғаушы ұсынған дәлелдер негізге алынбаған көрінеді. Ал жәбірленуші болып табылған екі тұлға тарапынан Қалиевке қатысты шағым болмаған. Ал Наркес Мамедова бұрын 6 жыл сегіз айға сотталып, пробациялық бақылауда болған екен. Сол кезде тағы қылмыс жасап қолға түскен оған прокурорлар 4 ай қосуды, ал Серік Қалиевті 4 жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрапты. Кенесары Бағбанұлы, қалалық прокуратураның баспасөз хатшысы:
Біз заңға сүйенсек, сот жүйесінің бірінші бабында бұл іс қылмыстық соттың тарапында қаралып жатыр. Сондықтан ешқандай комментарий, басқа заттарды айта алмаймыз. Соттың үкімі немесе қаулысын шығарғаннан кейін заңды күшіне енгенге дейін ешқандай комментерий қазір сіздерге бере алмаймыз.