«СҚ-Фармация» төрағасының айлық жалақсы - 1,3 миллион теңге

«СҚ-Фармация» төрағасының айлық жалақсы - 1,3 миллион теңге

ашық дереккөзі

   width= «СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзінің бұл қызметте қанша жалақы алатынын айтыпты. Бұл туралы ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Төрағаға айына 1 миллион 300 мың теңге, оның орынбасарына 900 мың теңге, басқарушыларына 450-ден 650 мың теңгеге дейін еңбекақы төленеді екен. Есқалиевтің үш басқарушысы мен бір орынбасары бар. Спикер сонымен бірге коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы баяндап, қоймада екі айға жететін дәрі-дәрмектің бар екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «СҚ-Фармацияның» баспасөз қызметі компания қызметкерлерінің жалақысын жария еткен болатын. Қазіргі уақытта менеджер – 200 000 теңге, бас менеджер – 350 000 теңге, әкімшілік-басқару персоналы – 450 000 теңге көлемінде жалақы алады.

Жүктелуде...