Балалар жиі қоятын сұрақтарға жауап: Бірінші жұмыртқа пайда болды ма әлде тауық па?

Балалар жиі қоятын сұрақтарға жауап: Бірінші жұмыртқа пайда болды ма әлде тауық па?

ашық дереккөзі

 width=

  1. Шөптің түсі неге жасыл?
Ақ түс әртүрлі түстердің бейнеленуінен құралады. Сол себепті шөптің жасыл түсі де көк және қызыл түстердің қосындысынан пайда болған. Бұлай түстердің бірігіп, басқа түске айналуы өсімдіктегі хлорофилге байланысты.
  1. Күннің жарығы өшіп, жер бетін қараңғылық басса, не болады?
Егер күннің жарығы өшсе, біз оны 8 минуттан кейін ғана сеземіз. Алғашқы уақытта күн берген жарық Жерге дейін жетеді. Бірнеше күннен кейін кішігірім өсімдіктердің барлығы дерлік өледі, ал ағаштар біраз жылға дейін тартылады.
  1. Фламинго неліктен алқызыл түсті болады?
Фламингоның түсі туылғанда ақ болады. Ол көбінесе қызғылт шаяндарды жегендіктен, уақыт өткен сайын түсін өзгертеді. Мысалы адам өмір бойы сәбізбен ғана қоректенсе, оның түсі қызғылт сары болар еді.
  1. Ластикті жеуге бола ма?
Бір кездері бұл шындық болған. Суретшілер ластик пайда болғанға дейін нанның жұмсақ бөлігімен қарындаштың ізін өшірген. Жарты ғасыр бұрын өшіргіш жасайтын резеңке жасау үшін каучукті пайдаланған. Сол кезден бері барлық адамға ластик жеуден бас тарту қажет болды.
  1. Егер динозаврлар тірі қалса, не болар еді?
Олар эволюция жасап, өмір сүретін еді. Олардың ұрпағы қолтырауындар мен көптеген кішкентай кесірткелер болды. Бірақ осыдан біраз жыл бұрын динозаврларды жойып жіберген метеорит жай ғана ұшып кеткенде, қазір біз мұндай сұрақты қоймас едік. Себебі біздің туылмауымыз да мүмкін еді.
  1. Көбелектер неліктен жарықтың айналасында ұшып жүреді?
Көбелектер шамның, майшамның айналасында ұшып жүреді. Себебі олар бұлардың жарығын Айдың жарығы деп ойлайды. Табиғатта олар аспан әлемінде бейімделуге үйренеді.
  1. Ең алғашқы ағаш қалай пайда болды?
Ағаш балдырлардан пайда болды. Балдырлар ойда жоқта құрғақ жерге шығып қалғанда, алғашқы ағаш пайда болады. Олардың ұзындығы 100 метрге дейін жетті, бірақ олардың түрі қазіргі ағаштарға ұқсамады және олардың сүрегі болмады. Климат ауысқан кезде ғана ағаштың сүлектері пайда болды, олар өзгерді.
  1. Бірінші жұмыртқа пайда болды ма әлде тауық па?
Ең алғаш жұмыртқа пайда болды. Бірақ ол өте ежелгі құстың жұмыртқасы еді. Соңында сол жұмыртқадан тауық пайда болды.
  1. Үшінші көз деген бола ма?
Адамдарда екі көздің болатыны белгілі, оған тағы көздің қажеті жоқ. Бірақ кейбір бауырымен жорғалаушылар мен жер мен суды мекен ететін тіршілік иелерінде шынымен де үшінші көз болады. Бұл көз олардың төбесінде орналасады. Ол түстің ашықтығын ажырата алуға көмектеседі.
  1. Ай не үшін қажет?
Жер планетасында Айдың арқасында теңіз суының көтерілуі мен қайтуы болады. Құрғақ жер мен теңіздің арасында кейде су болатын және кейде болмай қалатын кішігірім кеңістік бар. Осы жерде су хайуанаттарының құрғақ жерге шығу революциясы басталды. Нәтижесінде адам пайда болды. Сонда Ай болмағанда біз болмайтын едік деген қорытындыға келуге болады.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...