Семейде өрттен 4 және 7 жастағы екі бала көз жұмды

02 Сәуір, 2019 560 0

NewsROOM+. Семей іргесіндегі ауылда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала қаза тапты. Бұл туралы 24.kz сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суықбастау елді мекенінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта орналасқан пәтердің іші өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың мәйіті табылған.

Алдын ала болжам бойынша олар түтінге уланып көз жұмған. Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. 14:56-да өрт ауыздықталып, 15-12-де толықтай сөндірілген.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.




Тегтер: семей, өрт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.