ДДҰ басшысы коронавирустың "аса қиын" айларына дайындалуға шақырды
NewsRoom
ДДҰ басшысы коронавирустың "аса қиын" айларына дайындалуға шақырды
Әлемде коронавирус пандемиясының аса қиын айлары басталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жұмада өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалып келеді. COVID-19 жағдайлары күрт өскен мемлекеттер тым көп және бұл ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жететінін көрсетеді. Бұл тек қазан айы", - деді ол.
ДДҰ басшысының айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы керек.