
Әлемде коронавирус пандемиясының аса қиын айлары басталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жұмада өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалып келеді. COVID-19 жағдайлары күрт өскен мемлекеттер тым көп және бұл ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жететінін көрсетеді. Бұл тек қазан айы", - деді ол.
ДДҰ басшысының айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы керек.