Соғысқа бармаудың амалы: армян сарбаздары жаппай «өтірік» вирус жұқтыруда

Соғысқа бармаудың амалы: армян сарбаздары жаппай «өтірік» вирус жұқтыруда

ашық дереккөзі

 width=

Соңғы уақытта Арменияда COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны күрт артты.  Sputnik сайтының мәліметіне сүйенсек, 21-қазанда 2306 адам коронавирус жұқтырған.

Ал жалпы вирус жұқтырушылар саны Арменияда 70836 адамға жетті. 100 мың адамға шаққанда вирус жұқтырушылар бойынша Армения ТМД елдерінде бірінші орында тұр.

Соңғы күндері вирус жұқтырушылардың арасында 18-55 жастағы ер азаматтардың көп екені анықталған. Олардың басым бөлігі мобилизацияға шақырылғандар екені мәлім болды. Тәуелсіз сарапшылар көптеген ер азаматтардың соғысқа бармау мақсатында вирус жұқтырған деген тест нәтижесін сатып алуы жиілеген дейді.

“Ондай тест нәтижесінің құны 2 мың доллар тұрады. Осылайша олар ұрыс даласына емес, екі аптаға карантинге жіберіледі”деп хабарлайды azertag.az сайты.

                                              Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...