Шымкентте белгісіз біреу ер адамды өлтіріп, қоқыс тастайтын жерде өртеп жіберген
Шымкентте белгісіз біреу ер адамды өлтіріп, қоқыс тастайтын жерде өртеп жіберген

"Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізесі тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған" , - деді полицейлер.ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Нәтижесінде қылмыстық оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар 1994 және 1998 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.
"Жедел іс шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат, көлік иесіне пышақ жарақатын салып, Ақ тас елді мекенінде орналасқан «Қоқыс» тастайтын жерге (свалка) апарып, қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталды" , - деді құқыққорғаушылар.