67 қойды ұрлау үшін малшы сұмдық іс-әрекетке барды
67 қойды ұрлау үшін малшы сұмдық іс-әрекетке барды

"Шабуыл таңғы сағат 04.00 шамасында болған. Онда малшы болып жұмыс істейтін ер адамның түсініктемесінен бірнеше белгісіз ер адамдардың шаруа қожалық аумағына кіріп, қойларды көлікке тией бастағаны анықталды. Жауап алу барысында малшы өз сөздерінен шатаса бастаған, ал бұл тергеуде көптеген күмән тудырды. Тергеушілер оның айтқан барлық дәлелдерін тексеріп, оқиғаның нақты мән жайын анықтады. Осылайша, әшкереленген малшы өз әрекетін толық мойындап, шаруа қожалығының 67 қойын сатып алушыға өзінің малы ретінде екі партияға бөліп сатқанын жеткізді. Соңғы рет, 20 - қазанда, малды алып кеткен сәттен 2,5 сағат өткеннен кейін, ол иесіне белгісіз адамдардың шабуылы туралы хабарлаған", - дейді Кербұлақ АПБ бастығы полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.Бұл айқын емес қылмыс бір күн ішінде ашылды. Рас, ұрланған малдың барлығын иесіне қайтару мүмкін болмады, өйткені ұрланған малдың бір бөлігі етке сатылған. Ұрлықтың ашылғаны туралы білген қожайын тірі қалған қойларды қайтару кезінде өзінің бейне-үндеуі арқылы полицейлерге кәсібилігі үшін алғыс білдірді. Олардың қажырлы еңбектеріне табыс тіледі. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін УҰО-ға қамаққа алынды.