Президент Instagram желісіне тіркеліп, бірден 149 мың "подписщик" жинап алды

02 Сәуір, 2019 625 0

NewsROOM+. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде тіркелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Президент 16 сағатта 149 мың "подписщик" жинап алды.

"Құрметті Отандастар! Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым", – делінеді tokayev_online парақшасында жария болған жазбада.


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: Қасым-ЖомартТоқаев, президент, инстаграм, оқырман

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.