Маңғыстауда дәрігерлер бас сүйегі шытынап кеткен баланы аман алып қалған

02 Сәуір, 2019 501 0

Маңғыстаулық дәрігерлер бас сүйегі шытынап кеткен баланың өмірін сақтап қалды, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңаөзен қалалық ауруxанасына 31 наурыз күні кешкі сағат 17:10 шамасында 1 жасар бала келіп түскен. Оған бас сүйек-ми ауыр жарақаты, ми сол жақ бөлігінің гематомасы, гемипарез, 1-2 дәрежелі кома т.б ауыр диагноздар қойылған. Жаңаөзен қаласына дереу облыстық ауруxанадан нейроxирург Ербол Кенжалов аттанады. Ол баланың басын тігіп, зақымдалған бөліктерін біріктіреді. Осылайша, 2 сағатқа жуық ота жасайды. МО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің xабарлауынша, қазір баланың жағдайы қалыпты ауыр. Ата-анасының айтуынша, бала 2-қабаттан құлап кеткен.



Тегтер: маңғыстау, жаңаөзен, жаңалықтар, медицина, ота, әлем, қазақстан, ақтау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.