Алматылық арудың өліміне қатысты сұмдық жайттар анықталды (фото)

01 Сәуір, 2019 901 0

NewsROOM+. Екі ай бұрын жоғалған алматылық қыз Анастасия Галееваның денесін туыстары ағын судан іздестіріп жатыр. Бұл туралы бойжеткеннің туысы Алла Галеева айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жақындары жоғалған бойжеткеннің аман-есен табыларына сенбейді.

Әпкесінің сөзінше, Настя ғайып болған күні достарына кеткен екен.

Ал оның жолдастары қыздың табиғи өліммен көз жұмғанын, сондықтан олар бойжеткенді Сарыбұлаққа апаратын су арнасына "көміп" тастағандарын мойындап отыр.


"Күнде таңертең 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, кейде одан да кеш уақытта су арнасын іздейміз. Арна Қазцик және Комсомол ауылдарының арасында орналасқан. Алғашында сүңгуірлер жүріп өтті. Қазірше нәтиже жоқ. Ұзындығы 400 метр құбырларды іздеп жатырмыз, ал барлығы 8 құбыр.

Болжам бойынша, бойжеткеннің денсі кептеліп қалуы мүмкін. Себебі, ол ағыспен төмен ақса, байқау мүмкін болар еді. Достары өтірік айтқан болуы да мүмкін.

"Олар біздің алдымызда кешірім сұрады. Біреуі іздеу шараларына қатысып жатыр. Сұрақтарымыз пайда болғанда, біз оны шақырамыз. Мен оған "Сенің жауапкершілігің маған керек емес, баланы адам сияқты жерлеу керек деп айтамын", - дейді Алла Галеева.

Келіншектің сөзінше, қазір Настяның денесін іздеуге бірнеше ерікті көмектесіп жатыр екен.

Айта кетейік, 22 жастағы Анастасия Галеева 9 ақпан күні құрбысының үйіне кетіп, қайта оралмаған. 


newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.

Тегтер: АнастасияГалеева, алматы, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.